Қоғамның ескі дауы мен жаңа заңы: Алып қашу – қылмыс
24 December 2025

Қоғамның ескі дауы мен жаңа заңы: Алып қашу – қылмыс

El.kz

About

Бұл шығарылымда заңгер Орынбасар Тілепберген қоғамда жиі талқыланатын, қалыңдықты алып қашу және есірткімен күрес мәселелерін көтерді. Кейде дәстүр мен заңның ара-жігі шатасып жатады. Біреулер алып қашуды салт десе, заң ол әрекетті қылмыс деп таниды. Есірткіге келсек, оның салдары жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның қасіретіне айналып отыр. Бағдарламада заңгер осы тақырыптарға байланысты нақты оқиғаларды мысалға алып, заң бойынша қандай баптар қолданылатынын, кінәлі мен жәбірленушінің құқығын түсіндірді. Қоғам қандай сабақ алуы керек? Құқықтық тұрғыда өзін және жақынын қалай қорғауға болады? Осы және өзгеде сұрақтарға мамандар жауап берді. Мақсатымыз: көрерменге заң қалай жұмыс істейтінін көрсету, әр адамның өз құқығын білуіне және қорғауына жол ашу.